






|
№ |
Елді мекеннің атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
|
1 |
Жалағаш кенті |
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
2 |
Жалағаш кенті |
“Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Жалағаш аудандық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
3 |
Жалағаш кенті |
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
|
4 |
Жалағаш кенті |
“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
|
5 |
Жалағаш кенті |
Орталық алаңдағы стенд |
|
6 |
Ақсу ауылы |
“Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының Ақсу ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
7 |
М.Шәменов ауылы |
“М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
8 |
Қаракеткен ауылы |
“Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
9 |
Далдабай ауылы |
“Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Далдабай ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
10 |
Бұқарбай батыр ауылы |
“Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
11 |
Аққұм ауылы |
“Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
12 |
Таң ауылы |
Жалағаш ауданы әкімдігінің “Таң ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
|
13 |
Жаңақоныс ауылы |
Медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд |
|
14 |
Еңбек ауылы |
“Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
15 |
Есет батыр ауылы |
“Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Есет батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
16 |
Жаңадария ауылы |
“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
|
17 |
Мырзабай ахун ауылы |
“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
|
18 |
Мәдениет ауылы |
“Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының Мәдениет ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
19 |
Т.Жүргенов ауылы |
“Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
20 |
Жаңаталап ауылы |
“Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының Жаңаталап ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
|
21 |
Аққыр ауылы |
“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
|
№ |
Елді мекеннің атауы |
Кездесу өткізілетін орын |
|
1 |
Жалағаш кенті |
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
2 |
Жалағаш кенті |
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің “Мәдениет және өнерді дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
3 |
Ақсу ауылы |
“Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының Ақсу ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
4 |
М.Шәменов ауылы |
“М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
5 |
Қаракеткен ауылы |
“Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
6 |
Далдабай ауылы |
“Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Далдабай ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
7 |
Бұқарбай батыр ауылы |
“Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
8 |
Аққұм ауылы |
“Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
9 |
Таң ауылы |
“Таң ауылдық округі әкімі аппаратының Таң ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
10 |
Еңбек ауылы |
“Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
11 |
Есет батыр ауылы |
“Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Есет батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
12 |
Жаңадария ауылы |
“Жалағаш аудандық білім бөлімінің №203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
|
13 |
Мырзабай ахун ауылы |
“Жалағаш аудандық білім бөлімінің №122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
|
14 |
Мәдениет ауылы |
“Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының Мәдениет ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
15 |
Т.Жүргенов ауылы |
“Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
|
16 |
Жаңаталап ауылы |
“Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының Жаңаталап ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынныңкөрермендер залы |
|
17 |
Аққыр ауылы |
“Жалағаш аудандық білім бөлімінің №188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
2026 жылға барлығы 797382,0 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 225066,0 мың теңге), 2026 жылдың 1 сәуіріне 194299,9 мың теңге игерілді.
Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-15. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 1 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.
2026 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 103183,0 мың теңге қаралды.
2026 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 46 отбасының 306 мүшесіне 11350,4 мың теңге тағайындалып, 46 отбасының 306 мүшесіне 7572,3 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 46 отбасының 306 мүшесінің 98 баласына 1850,0 мың теңге тағайындалып, 46 отбасының 306 мүшесінің 97 баласына 1244,1 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 46 отбасы 306 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 208, мүгедектігі бар адам-1, зейнеткер-1, студенттер саны-20. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-76, жүгіну кезінде жұмысы барлар-39, жұмыссыздар-5, бала күтімінде -32.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4925,0 мың теңге қаралды. Бүгінгі күнге 7 отбасының 14 мүшесіне 141,1 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сатысындағы азаматтарға 15569,0 мың теңге қаралды. Қосымша тамақтануға 27 адамға 2984,3 мың теңге тағайындалып, 25 адамға 2068,1 мың теңге төленді.
«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 49,3 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар
2026 жылдың 1 сәуіріне аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына 1013 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар -240.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 999 жеке оңалту бағдарламасы бойынша өтініш түсіп, оның 803-і немесе 80,4 %-ға орындалды.
2026 жылдың 1 сәуіріне 550 мүгедектігі бар адамдар міндетті гигиеналық құралдармен, 21-і кресло арбамен, 11-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 50-і тифлотехникалық құралдармен, 9-ы сурдотехникалық құралдармен, 59-ы протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілінің маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 97 адамға жеке көмекшілермен қызмет көрсетіліп келеді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 7 адам жіберілді.
Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 зейнеткер адам орналастырылды.
2026 жылдың 1 сәуіріне 97 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 60 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Пробация туралы
Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны-43, оның ішінде 42 пробация қызметінде және 1 полиция бөлімінде есепке алынған.
Оның ішінде:
-шартты жазаға сотталғандар-6
-бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-28
-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар-7
-сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тартылған-1
-мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгендер-1
Олардың, 27-і Жалағаш кентінен, 16-і ауылдық округтерден.
Статустары бойынша:
-тұрақты жұмысқа орналасқандар-15
-ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-2
-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-3
-жұмыссыздар-10
-денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз-1
-зейнеткерлер-2
-студент-1
-мүгедек-1
-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиым салынғандар-7
-ақысыз қоғамдық жұмыстарға тартылған-1
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 10 адамға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 649,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп, есепті кезеңге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 2 адамның құжаттары арнайы комиссияда қаралып, тиісті қаражат төленді.
Сонымен қатар, пробация қызметіндегі 6 адамға 76,0 мың теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге қаражат бөлініп, “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды.
Ағымдағы жылдың 20 наурызында “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық “Руханият” орталығында аудан бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған әлеуметтік жоба аясында қайта қылмыс жасаудың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді.
Іс-шараға аудандық прокуратураның прокуроры, адвокат және психологтар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығының мамандары қатысып, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмектер көрсетті.
Әлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібі бойынша және құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында есепке алынған азаматтардың мекен-жайларына, Жалағаш кенті және елді мекендерге бару арқылы 15 адамға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық көмектер көрсетілді.
Пробациялық есептегі және жазасын өтеп келген азаматтардың FCM Social цифрлық платформасы арқылы мобильдік топтармен жұмыстар жүргізіліп, 3 адамға қолдау көрсетілді.
Жыл басынан бері «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 7 адам тіркеліп, 2 адам тұрақты жұмысқа (о.і. 1 адам квота бойынша), 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам маусымдық жұмыстарға жолданды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын , сапасын және сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған біріңғай әлеуметтік бағдарланған жүйе бойынша Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді
Қазіргі таңда 31 177 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет және 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Жалпы халық санының ішінде: 14 жасқа дейінгі бала саны 10 226, жасөспірімдер – 1 753, ересектер саны – 19 198.
Кадр қызметі
Мекемеде жалпы штат бірліктері: 675,25
Оның ішінде:
Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 801.
Оның ішінде:
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 97 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі - 31,1%.
Оның ішінде: 58 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 59,7%.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 397 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 127,3%.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 257 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 64,7 пайыз.
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Кардиолог дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Рентгенолог дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Хирург дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
3,0 |
|
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2026 жылдың 3 айы бойынша –56 364 , 1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш-1,8 (2025 жылдың 3 айы бойынша –60 819– 1,8) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны 2026 жылы –23 080- 40,9% , (2025 жылы – 25 352 – 41,6%). Алдын ала тексерілу – 31 349 болып 55,6%-ды құрады (2025 жылы 35 467– 51,5%). Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға төмендеген. Үйде қаралу 2026 жылдың 3 айы бойынша – 3467 құрап (2025 жылдың 3 айы – 4 146), өткен жылмен салыстырғанда – 16,3 пайызға төмендеп отыр. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2026 жылы 25 602 болып 45,4 % құрады (2025 жылы – 26 576 -43,6 % ). Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 30 762 болып 54,5%-ды құрап отыр. (2025 жылы 34 243 – 41,5%).
2026 жылдың 3 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –4209 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш –13500,3 (2025 жылдың 3 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық 4292, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 13358,6 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші бір деңгейде. Атап айтқанда, 2026 жылдың 3 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:
Диспансерлеу. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 8078 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 6743, 0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны – 1335
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен толықтырулармен өзгерістер енгізу бұйрығымен сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында 59 526437,66 теңгеге 7 597 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 100% игерілді.
Демографиялық көрсеткіштер
2026 жылдың 3 айында аудан бойынша 111 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 3,5 промильді құрады (2025 жылы 177 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 5,5 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 66 жағдайға төмендеп отыр. 2026 жылдың есептік кезеңінде сәби өлімі бойынша жағдай 5-45,0, (2025 жылы тіркелмеген). 2026 жылы аудан бойынша 50 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 1,6 құрап отыр. (2025 жылы 48 жағдай – 1,5), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 жағдайға көбейіп отыр.
|
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
1 |
Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.) |
177-5,5 |
111-3,5 |
|
2 |
Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда) |
48-1,5 |
50-1,6 |
|
3 |
Бала өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.) |
0 |
5-45,0 |
|
4 |
Материнская смертность (на 100 тыс. живорож-ных) |
0 |
0 |
Скрининг бағдарламасы бойынша
ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 30.10.2020 жылғы 174/2020 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2026ж. жоспарланғаны-2800; орындалғаны-1437- 51,3%; Анықталғаны-89-6,2%; «Д» есепке алынғаны- 89-100%;
(2025ж. жоспарланғаны-4142; орындалғаны-1397- 33,7% Анықталғаны-40-2,9% «Д» есепке алынғаны- 40-100%)
Қант диабеті ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2800; орындалғаны-1437-51,3%; Анықталғаны-31-2,2%; «Д»есепке алынғаны - 31-100%;
(2025ж жоспарланғаны-5127; орындалғаны-1397-27,2%; Анықталғаны-20-1,4%; «Д»есепке алынғаны - 20-100%)
Глаукома ауруын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2800; орындалғаны-1437-51,3%; Анықталғаны-3; «Д»есепке алынғаны -3-0,2%;
(2025ж жоспарланғаны-5340; орындалғаны-1397-26,2%; Анықталғаны-1-0,07%.; «Д»есепке алынғаны -1-0,07%)
Цереброваскулярлық ауруларын ерте анықтау - 2026ж жоспарланғаны-650; орындалғаны-168-25,8%; Анықталғаны-9-5,4%; «Д»есепке алынғаны - 9-100%;
Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2190; орындалғаны-839-38,3%; Анықталғаны-272-32,4%; «Д»есепке алынғаны - 272-100%; Қатерлі ісік-1; Атажанова К 680525401623 – 5 аймақ;
(2025ж жоспарланғаны-1828; орындалғаны-448-24,5%; Анықталғаны-27-6,0%; «Д»есепке алынғаны - 27-100%. Қатерлі ісік-1; Куракбаева А 710605401190 -9 аймақ)
Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-1448; орындалғаны-565-39,0%; Анықталғаны-40-7,1%; «Д»есепке алынғаны -40-100%;
(2025ж жоспарланғаны-1461; орындалғаны-394-26,9%; Анықталғаны-4; «Д»есепке алынғаны - 4
Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2026ж жоспарланғаны-2912; орындалғаны-626-21,5%; Анықталғаны-3-0,5%. «Д»есепке алынғаны - 3.
(2025ж жоспарланғаны-2025ж жоспарланғаны-2035; орындалғаны-204; Анықталғаны-0. «Д»есепке алынғаны – 0
Вирусты гепатит В, С ауруларын ерте анықтау – 2026ж жоспарланғаны-893; орындалғаны-654; В ауруы анықталғаны-10. С ауруы анықталғаны-5; «Д»есепке алынғаны – 15;
Жалағаш ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 234,6 шақырымды құрайды.
Оның 50 шақырым республикалық, 60,6 шақырым облыстық және 124,0 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 116,3 шақырымы немесе 94,0% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 7,7 шақырымы немесе 6% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Аудан бойынша ұзындығы 253,0 шақырымды құрайтын 230 көше бар. Оның 216,2 шақырымы немесе 85% қанағаттанарлық, 36.7 шақырымы немесе 15% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Үстіміздегі жылы ауданның жол саласын дамытуға бюджеттен барлығы – 853,2 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы шегінде 3 елді мекеннің 8,7 км құрайтын 8 көшесі жөндеуден өткізілетін болады.
Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 269,8 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Жаңадария және Мектеп көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мердігер мекеме «Жаңақорған Жібек жолы» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Строительный контроль» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Ремпроект» ЖШС.
Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 295,2 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов және М.Ахметов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мердігер мекеме «РиА Сервис ЛТД» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «СК Капитал» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «ТМ Проект Строй» ЖШС.
Газдандыру
2025 жылдың қараша айында Қаракеткен және Далдабай елді мекендерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға сәйкес, газдандыру құрылысының жұмыстары басталып, 48 метр газ желісі тартылды.
Ағымдағы жылы газдандыру жұмыстарын жалғастыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жағдайда газдандыру жұмыстарының құрылысы жалғасатын табатын болады.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2026 жылдың I тоқсаны бойынша шыққан мақалалар саны – 146. Оның ішінде;
- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны-45;
- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны -96;
- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны-5.
Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda», «Қоғам тв» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты жарияланды.
Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат
Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.
Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).
2026 жылдың 6 қаңтарынан бастап «Жалағаш жаршысы» газетінің 2983 дана таралымы бар.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 1 маусымына әділет органдарында тіркелген 29 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қорлар саны – 8, қоғамдық бірлестіктер саны – 16. Қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық қорлардың филиалдары – 5.
Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрған үкіметтік емес ұйымдар саны – 19.
2026 жылдың I тоқсанында Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 8 іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 350 аудан тұрғыны қатысты.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл
Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 16 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Ауданда діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру шеңберінде жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері кешенді жоспардың орындалуы бойынша 24 шара өткізіліп, 500-ге жуық тәуекел топтар санатына жататын азаматтар қамтылды.
Этносаралық қатынастар туралы
Жалағаш ауданында этносаралық ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталуды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.
Аудан халқының 99,3% - қазақ, 0,7% - этностық топтан құралған. Ауданы бойынша 99 этнос отбасы бар, барлығы – 253 адам.
2026 жылдың I тоқсаны бойынша «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша этносаралық сарапшысының және «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 6 шара ұйымдастырылып, 65 этнос өкілі қамтылды.
Жастар саясаты
Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.
Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2026 жылға 27,7 млн.теңге қаржы бөлінді.
2026 жылдың I тоқсандағы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 55 шара өткізіліп, оған 1000-ға жуық жас қатыстырылды.
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылдың 1 наурызына 2686 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) тіркелген, жұмыс жасап тұрғаны субъектілерінің саны 97,0% (78 бірлікке)төмендеп, 2608 бірлікті құрады.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2026 жылдың 1 наурызына 121,2 пайызға артып, 5 млрд. 594,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Оның ішінде Өңдеу өнеркәсібі ақпан айында «Каспий петролиум» және «Номад солар» кәсіпорындарының өнімі есебінен 1 млрд. 331,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 115,1 пайыз.
Бөлшек сауда көлемі аудан көлемінде орналасқан жанар-жағар май, газ құю бекеттері, дәріханалар, компьютерлік жабдықтар сатумен айналысатын кәсіпорындар арқылы үстіміздегі жылдың ақпан айында 536,0 млн. теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 2026 жылдың 1 наурызына 4 млрд. 648,0 млн. теңгеге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1 пайызға орындалды.
Оның ішінде жеке қаражат есебінен өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд. 239,4 млн теңгеге немесе 228,4 пайызға артығымен орындалды.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грантты қоса алғанда аудан бойынша 2025 жылдың 12 айында 277 жоба 5 млрд. 175,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасының «Amanatnesie.kz» цифрлық платформасына 358,7 млн. теңгені құрайтын 52 жобаның) құжаттары енгізілді.
Оның ішінде, ағымдағы жылдың ақпан айында 64,4 млн. теңгені құрайтын 11 жоба комиссия қарауында қаралып, 48,6 млн. теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылды. Жаңадан 7 жұмыс орындары ашылатын болады.
Сонымен қатар наурыз айында 165,4 млн. теңгені құрайтын 22 жоба комиссия қарауында қаралып, шешімі шықпады.
Бұдан бөлек, аудан бойынша 38,0 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары жинақталуда.
Сондай-ақ, аудан бойынша «Агробизнес» бағдарламасы аясында 26,0 млн. теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары жинақталып, қаржы ұйымына ұсынылды.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – инвестициялық ахуалды жақсарту арқылы отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады.
2025 жылы ауданда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын барлығы 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 19 жаңа жұмыс орны құрылды.
Олар:
Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :
Үстіміздегі жылы ауданда 12 млр. 155 млн. теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба толықтай іске асырылған жағдайда жаңадан 72 жұмыс орны құрылады.
Атап айтқанда,
Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :
Бұдан бөлек Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында (150 000 АЕК асатын жобалар) ауданда 2 жоба жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Ол, «Агрохимсервис-С» серіктестігінің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «қоймалар және шатыр» құрылысы жобасы. Оның ішінде 750 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. 5 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күнге қоймалардың 90 пайыздан астам жұмыстары аяқталды. Қытай елінен құрал-жабдықтардың алғашқы легі келді. Жоба толықтай 2026 жылдың соңына қарай іске асырылады деп күтілуде.
Қызылорда облысы әкімдігінің сүйемелдеуімен Жалағаш ауданында жоба құны 51 млрд. теңгені құрайтын шетелдік инвестор Швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру және қайта өңдеу бойынша агро-индустриялық кластер құру жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жоба екі кезеңмен іске асыру жоспарлануда (І кезең 2025-2026 жж. ІІ кезең 2026-2027 жж).
Жобаның қуаттылығы жылына техникалық қарасора 42 мың тонна, жүгері дәні 70 мың тонна, соя 20 мың тонна.
Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады және 150 адам жұмыспен қамтылу көзделген.
Қызылорда облысы әкімдігі мен «Харвест Агро Холдинг» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумғо қол қойылды.
«Харвест Агро Холдинг» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі «АА Агро Кызылорда» ЖШС-нің Жалағаш ауданы әкіміне жазған өтінішіне орай ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскесін алу үшін 2025 жылдың 4 желтоқсан күні Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының комиссиясына ұсынылып, оң қорытынды берілді.
Жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына (150 000 АЕК асатын жобалар) енгізілді.
Аудан әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №221 қаулысына сәйкес 14273 гектар жер телімі табысталды.
Жоба бойынша Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Қараөзек өзенінің бойынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілін қолданып, үш кезеңнен тұратын барлығы 32 000 гектар жердің бірінші кезеңінде, яғни биыл 8700 гектар жерін ашып, егін егу қалпына келтірілді.
Оның ішінде тегістелген жердің 7700 гектар жеріне жүгері дақылын егу жоспарлануда.
Жоба бойынша жоспарланған 143 дана жаңбырлатып суару құрылғысының 80 данасы орнатылса, қалған құрылғылар жоба басына толықтай жеткізіліп, құрастырылуда.
Жаңбырлатып суару құрылғылары отандық өнім (Түркістан облысы, «BNK Group» ЖШС).
Анықтама ретінде:
Құрылғының ұзындығы 396 м.
Қуаттылығы 50 гектар жерді суаруға жетеді.
Бұдан бөлек егістік алқабына орнатылған жаңбырлатып суару құрылғыларына жер асты су жеткізу трубалары және электр тогын орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар егіс алқабының толықтай қоршау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге 10 шақырым жері қоршаланды.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын канал қазылуда.
Бүгінгі күнге жоба басында 10 мердігер компаниясында, барлығы 300 жұмысшы 200 ге жуық техникалар жұмыс жасауда.
«АА Агро Кызылорда» серіктестігі арқылы Германиялық «CLASS» тракторының 4 данасын, «TIGER» тұқым себу көп функционалды техникасы және жүгеріге арналған қатар аралық культиваторлар, өздігінен жүретін дәрі шашқыш техникалары сатып алынды.
Биылғы жылға бірінші кезең бойынша егінді егу, күтіп баптауға тұрақты 100 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Бұдан бөлек серіктестік тарапынан сұратылған 2071 гектар орман қоры жер учаскелерін босалқы жер санатына ауыстыру мәселесі бойынша Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме тарапынан жұмыс тобы құрылып, акт жасалынған.
Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт, орман шаруашылығының шығындары есептеліп Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданған.
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне бағынысты «Наркескен спорт клубы», Б.Құлтекенов атындағы «Жабық бассейн», және «Балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы» КММ жұмыс жасайды.
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің жылдық көпшілік –күнтізбелік жоспарында 2026 жылға 1 республикалық, 6 облыстық, 80-нен аса аудандық жарыс өткізу жоспарланған. І тоқсанда гір спортынан облыстық 2 жарыс және спорт түрлері бойынша аудандық 15 жарыс өткізіліп, оған барлығы 1827 спортшы қамтылды.
2026 жылғы 30-31 қаңтарда «Наркескен» спорт клубында Гір спортынан Жастар мен жасөспірім және ардагерлер арасында өткен облыстық жарыста аудан командасы 16 алтын, 7 күміс, 3 қола медаль иеленді. Жарыс жеңімпаздары 23-25 ақпан аралығында Қостанай қаласында гір спортынан өтетін ҚР чемпионатына жолдама алып, Жалағаштық спортшылар Қызылорда облысының қоржынынына 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль салып, барлығы 8 жүлдеге ие болды.
Төлеген Қайсар кәсіпқой ересектер арасында 78 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, Әлем Чемпионатына жолдама жеңіп алды, сонымен қатар жастар арасында 78 кг салмақта 1 орын иегері атанды.
2013-2016 жылы туылған қыздар арасында Талғатқызы Әдемай -38 кг салмақта 1 орын иеленді. 2010 жылы тулған және одан кіші жасөспірімдер арасында Серікбай Абылайхан -58 кг салмақта 3 орын иеленсе, ересектер арасында Есназаров Мейрамбек, Сейтенов Абдулхасандар қола медаль, Нұрлан Қуаныш, Мәжиев Ислам күміс жүлдегер атанды.
2026 жылғы 6-7 наурыз күні «Наркескен» спорт клубында гір спортынан ересектер мен жастар және жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтіп аудан командасы 15 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль иеленді. Сондай-ақ 2026 жылғы 28-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында гір спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, нәтижесінде Жалағаштық спортшыларымыз 3 күміс, 2 қола медаль иеленді.
Спортшыларымыз: Мешітбек Ержан -2010 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер 48 кг салмақта -3 орын.
Өмірбек Әлтайыр – 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63 кг салмақта 2-орын.
Ербол Әзиз – жасөспірімдер арасында 2-орын, жастар арасында 3-орын.
Аймағанбет Арайлым -2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында -2 орын алып, күміс жүлдегер атанды.
Жалағаш ауданы бойынша «Наркескен» спорт клубының Гір спорты жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан.
Статистика
*****
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 754 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 271 адам тіркелді.
Олар келесі бағыттарға бағытталды:
- 116 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 23 адам жолданып, олардың 9-ы оқу курсын аяқтап сертификатын алды.
- 73 адам (73 сертификат алды) немесе жоспарланған 295 адамның 25,0 % «Электрондық еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті.
- субсидияланатын жұмыс орындарына 271 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:
- жастар практикасына – 1 адам жолданып, 1 адам жұмысын мерзімінен бұрын өз еркімен тоқтатты. (жоспар 140 адам);
- қоғамдық жұмыстарға – 266 адам жолданды, оның 1 адам жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады. (жоспар 295 адам);
- «Күміс жас» жобасына – 4 адам жолданды. (жоспар 45 адам).
Жыл басынан бері 3 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 20 жұмыс беруші 37 бос жұмыс орнын ұсына отырып қатысып, 8 адам тұрақты жұмысқа орналастырып, 128 адам кеңес алды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы мәліметі
2026 жылдың 1 сәуіріне 46 отбасыға (306 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылмен салыстырғанда 53 отбасыға (344 адам) 13,0% азайған.
Бүгінгі күнге өтініш білдірген 49 отбасының құжаттар пакеті отбасының материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік комиссияның қарауына ұсынылды, соның ішінде 49 отбасының құжаты учаскелік комиссиядан оң қорытынды алып, 46 (306 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК алушылардың ішінде:
- бала күтімінде отырған аналар – 32 адам;
- мүмкіндігі шектеулі жандар – 1 адам;
- жүгіну кезінде жұмысы барлар – 35 адам;
- студенттер – 20 адам;
- жұмыссыздар – 5 адам;
- кәсіпкерлер –4 адам;
- зейнеткерлер – 1 адам;
- балалар саны – 208 адам (1 жасқа дейінгі бала саны – 10, 1-7 жасқа дейінгі бала саны – 96, 7-16 жас аралығында бала саны – 102).
Бұл ретте шартты ақшалай көмек алушылар саны 41 адамды құрайды, оның ішінде 76 адам немесе 53,9% еңбекке қабілетті болып табылады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 6 адам қамтылды, оның ішінде:
- 6 адам қоғамдық жұмыстарға;
- 2 тұрақты жұмысқа орналасқан.