Сағат 20.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы

Жалағаш  ауданындағы Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтегі учаскелік сайлау комиссияларының ұсынған дерегіне сәйкес 2026  жылғы  21 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 65,77 % сайлау бюллетеньдерін алды, оның ішінде Ақсу ауылдық округі  бойынша 65,27 % және Жаңаталап   ауылдық округі бойынша 66,98 %.

Учаскеде дауыс беру ҚР сайлау туралы заңының талаптарына сәйкес өтті, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
21 июня 2026