Жалағаш ауданының М.Шәменов ауылдық округі әкіміне кандидат Есенәлиев Нұржан Оспанұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Жалағаш  аудандық  сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2026  жылғы 18 маусымдағы № 24  актісін негізге алып, Жалағаш  аудандық  сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

        1.2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жалағаш ауданының М.Шәменов       ауылдық округі әкімінің сайлауында  М.Шәменов ауылдық округі әкіміне кандидат Есенәлиев Нұржан Оспанұлының  М.Шәменов ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.

  1. М.Шәменов ауылдық округі әкіміне кандидат Есенәлиев Нұржан Оспанұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын  тексеру нәтижелері туралы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.

     3.Осы шешім  Жалағаш  ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 Жалағаш   аудандық  сайлау

комиссиясының төрағасы                                            Ш.Калыбаев

Жалағаш  аудандық сайлау

комиссиясының  хатшысы                                           Д.Қожақұлова  

АСК-142

18 маусым 2026 жыл

Дата публикации
18 июня 2026