2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Конституциялық заңының 113-2-бабына, 4-бабының, 36-2 бабына  сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2026 жылғы 17 маусымдағы №02-10/987  хатының  негізінде  Жалағаш  ауданының аудандық  сайлау комиссиясы ШЕШТІ:  

  1. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттар Жусупова Қымбат Әнуарқызы, Жоламанова Роза Нұрланқызы,  Алыбаев Жасұлан Тәңірбергенұлы, Қорғанбек Төлеген Қорғанбекұлының Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын. 
  2. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарға қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Жалағаш аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                            Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                             Д.Қожақұлова

АСК-128

17 маусым 2026 ж

 

 

Дата публикации
18 июня 2026