Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2026 жылдың 16 маусым  күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш  ауданының Аққыр және М.Шәменов ауылдық округі әкімдеріне   барлығы 7  кандидат ұсынылды.  Барлығы  өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу          2026  жылдың 21 маусым күні сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

Дата публикации
16 июня 2026