
2025 жылғы 25 қыркүйекте Жалағаш ауданындағы №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында барлығы 3 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 1 - еуі саяси партиядан, 2 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ұсынылған кандидаттардың 1- ер, 2- әйел адам.
2 - кандидат «AMANAT» саяси партиясының, 1- «Ауыл» партиясының мүшесі.
Орташа жас 43 жасты құрайды.
Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.
Кандидаттардың 3- бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18:00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол а.ж. 25 қазан күнгі сағат 00:00 -ге дейін жалғасады.