“М.Шаменов ауылдық округі” БПҰ және ауылдық мәдениет Үйініңұйымдастыруымен «Бес асық» ұлттық ойынынан сайыс өткізілді.Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Қаракеткен, М.Шаменов, Далдабай ауылдарынан ойыншылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс барысында қатысушылар бес асық ойынының түрлі тәсілдерін көрсетіп, шеберліктерін ортаға салды. Әділқазылар алқасы ойынның әділ әрі тартысты өтуін қамтамасыз етіп, нәтижесі бойынша 3-орынды М.Шаменов ауылы, 2-орынды Далдабай елді мекені иеленсе, топтан оза шауып 1-орынды Қаракеткен ауылының асықшылары иеленді. Сайысқа қатысушыларға дипломдармен сый-сияпаттар табысталды.