18 сәуір -Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйінің қызметкерлері оқушыларға арнап Қорқыт ата кешеніне саяхат ұйымдастырды. Оқушылар Қорқыт Ата мемориалдық мұражайындағы құнды жәдігерлер мен кешен аумағындағы соққан желмен үндескен қобыз ескерткішін, қазақ мифологиясындағы Көк тәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы саналатын қошқар мүсінін, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады. Сондай-ақ, Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәліметтер мен аңыз әңгімелерге қанық болды.