Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

  Құрметті ауыл тұрғындары !

Сіздерді келіп жеткен көктемнің алғашқы күні  1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Әрбір таңға жеткізіп, амандығын берген Жаратқанға мың алғыс! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің  құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек. 1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп-санаған. Бұл бізді одан әрі жақындастыра түсті. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған этнос өкілдері бұл мерекені тойлауда. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрмет. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірім, достастық және махаббат таныту мерекесі болды.    Олай болса, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерейлі мереке құтты болсын! Отбастарыңыз аман еліміз тыныш болсын.