Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Нұрландырған елімді нұрлы Наурыз" атты мерекелік шара өткізілді. Шараны ауыл әкімі Тұңғышбаев Бауыржан Өмірзақұлы ашып беріп, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ауыл өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, түрлі салт- дәстүрлерден қойылымдар қойылды. Шара барысында жиналғандар мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиіп баталарын берді. Шара соңы ұлттық және спорттық ойындарға ұласты.