Адал азамат - адал еңбек
Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бай қуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Сондықтан айрықша маңызға ие Еңбек күнінің мақсаты осынау құндылықтарды бойға сіңіріп, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру екені сөзсіз.
Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз менің ойымша таза жұмыс істейтін адам. Өзінің маңдай терімен табыс тауып, жанын салып, жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол –диқан бола ма, ол-малшы бола ма, ол-жазушы бола ма, ол-өнер адамы бола ма бәрібір. Ол маңдай терімен жұмыс істеуі керек. Осындай ауылымыздағы еңбек адамының бірі Бекжанов Әліби ағамыздың «Ер-Әлі» шаруа қожалығының егіншісі Байниязов Нұрпейіс Шәденұлы. Егіншілердің еңбегінің нағыз таразыға түсер шағы осы шақ. Демек, Нұрпейіс ағаның да еңбегінің еленіп, биылғы жылғы өнімнен 101ц/га алып, рекорд жаңартты. Бұл дегеніміз егіншінің ұшан – теңіз көзге көріне бермейтін еңбегінің арқасы.
«Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды», - деп Абай атамыздың осы сөзімен аяқтағым келеді.