
“Көне дәстүр күмбезі” ұлттық фестивалі
Еңбек ауылының Аққошқар ауылдық мәдениет үйінде ІІІ дәстүрлі “Көне дәстүр күмбезі” ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар аймақтық фестивалі аясында “Тұсау кесер” дәстүрі кеңінен насихатталды.
Төрт ауылдың – Еңбек, Есет батыр, Жаңадария, Аққұм ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының өнерпаздары қатысып, мерекелік концерт ұйымдастырды.
Концерт тұсау кесер дәстүрімен басталып, сәбидің тұсауын Еңбек ауылдық округінің әкімі Бахытберген Мархабайұлы кесті.
Салт-дәстүрге сай сый-сияпат алмасу рәсімі өтіп, мерекелік шара әсем ән мен күйге ұласты.
Іс-шара барысында келген қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген тамаша кеш болды!