
7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні
Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Адал адам" мәдени-тәрбие орталығының "Жанұя шуағы" жобасы аясында 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай"Салауаттылық-саулық кепілі, ал саулық-байлық негізі" атты 15 жас пен 60 жас аралығында қашықтыққа жүгіру жарысы өткізілді.
Іс-шараға қаржылай демеушілік жасаған мектеп бітіргендеріне 25 жылдық, 1984 жылғы ауыл азаматтарына алғысымызды білдіреміз.
Жарыс қортындысы бойынша оқушылар арасында І орын-Төребек Саят, ІІ орын-Молдағали Нұрасыл, ІІІ орын-Төлеутай Бақдаулет
Орта жастағы ер азаматтар арасында І орын-Тоқтар Нұржан, ІІ орын-Сүлейменов Өмірбек, ІІІ орын-Медеуов Алмас
Әйел азаматшалар арасында І орын-Нұрадин Алтынай, ІІ орын-Қыпшақбаева Ләйла, ІІІ орын-Дүйманова Гүлжайна.Жарысқа қатысушылар арасындағы жасы үлкен Алжанова Фермекуль Алғыс хатпен марапатталды.
Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз.