1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ауданда ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Мереке аясында этнос өкілдерінің «Бір шаңырақ астында» атты тағам және мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады.
Мерекелік шара одан әрі спорттық сайыстармен, театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шара одан әрі театрландырылған қойылыммен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздардың және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жалағаш аспанын қуаныш пен шаттыққа бөлеген бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.