ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
“Мерейлі отбасы -2026” ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.
🔸Отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын, ұрпақ тәрбиесіне үлгі боларлық жанұяларды насихаттайтын бұл маңызды шарада аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов байқауға белсене қатысқан барлық отбасыларға шынайы алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.
🔸Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде кентімізде спорт пен кәсіпті қатар алып жүрген Төлековтер отбасына бұйырса, І орынды үлгілі отбасыларымыздың бірі Ахметовтер отбасы жеңіп алды.
🔸Жеңімпаз атанған отбасыларды жеңістерімен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, ынтымақ пен береке тілейміз!
Мерейлі отбасы – ел мерейі! 🇰🇿