
«Сіздер – елдің жаңаруы мен дамуының негізгі қозғаушы күші, жаңа идеялардың бастамашысы, ел ертеңінің үмітісіздер. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш бағытты атап өтті. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық. Еліміздің келешегі – білімді, білікті, отаншыл әрі белсенді жастардың қолында. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастардың сапалы білім алуына, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сіздердің білімдеріңіз бен жігерлеріңіз, жаңа идеяларыңыз бен бастамаларыңыз еліміздің, туған жеріміздің дамуына үлкен серпін беретініне сенім мол. Жастардың әрбір жетістігі – елдің жетістігі. Сондықтан туған жердің өркендеуіне белсенді атсалысып, қоғамның дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, биік мақсат және толағай табыс тілеймін! Жастар күні құтты болсын!» – деді А.Ибраимов.