ӘРБІР КӨШЕГЕ АЯҚ СУ ЖЕТКІЗУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ…
Суару жүйелерін қалпына келтіру, арықтарды тазалау және су өткізу қабілетін арттыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Бұл жұмыстар көшелерді көгалдандыру мен жасыл желектерді күтіп, баптау бағытындағы маңызды жұмыстар.
Құрметті тұрғындар!
Баршаңызды ортақ іске белсене атсалысуға шақырамыз.
Өз көшеңіз бойындағы арықтарды қоқыстан таза ұстап,
Су ағуына кедергі келтіретін заттарды қоймай,
Жасыл желекті күтіп-баптауға бірге үлес қосайық!
Таза көше – өзіміз үшін, жасыл орта – болашақ үшін!