«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА КЕНТ, КӨРІКТІ КЕЛЕШЕК! ♻️🌿
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жалағаш кентінде жалпыхалықтық сенбілік өткізілді.
Тазалық шарасына тұрғындар, мекеме қызметкерлері және белсенді жастар қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында көшелер, жол жиектері, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар тазартылып, жабайы шөптер шабылды. Қураған бұтақтар кесіліп, айнала ретке келтірілді.
Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен шығарылып, тиісті орындарға жеткізілді.
Тазалық – әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айғағы. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!