4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды.

Шара барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және ұлықтауға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.