КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ - КҮЙ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ АТАП ӨТІЛДІ

КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ - КҮЙ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ АТАП ӨТІЛДІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара орталық алаңда өткізілді.
🔹Шара аясында «Бояулар сыры» атты жас суретшілердің шығармашылық көрмесі, сондай-ақ «Дарындылар алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған спорттық және білім сайыстары жеңімпаздарының көрмесі, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
🔹Мерекелік шарада аудан әкімі Ардақ Ибраимов ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтап, бір топ балаға еліміздің үздік жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдамалар табыстады. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бұл бастама олардың шығармашылығын шыңдауға, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
🔹Мереке жоғары деңгейде өткізіліп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.