Аудан әкімінің орынбасары Рахатов Ғалымжан Көшкінбайұлы кент аумағындағы балалар ойын алаңдарының жағдайымен танысты. Аралау барысында ойын алаңдарының тазалығы, қауіпсіздігі, құрылғылардың техникалық жағдайы мен абаттандыру мәселелері қаралды.
Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында анықталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.
Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада уақыт өткізуі – басты назардағы мәселелердің бірі.