ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛАР ИГІ ІС

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛАР ИГІ ІС
Жалағаш кентінің орталық алаңында тал егу акциясы ұйымдастырылып, игі шараға мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған түлектер белсене қатысты.
🌿Туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісін танытқан азаматтар кенттің көркеюіне өз үлестерін қосып, орталық алаңға көшеттер отырғызды. Бұл – тек тал егу ғана емес, келер ұрпаққа өнеге болатын тағылымды іс.
🌿Осындай сауапты бастамаға атсалысқан барша түлектерге алғыс білдіреміз!
Туған жердің тазалығы мен жасыл желекке айналуы – баршамызға ортақ міндет.