Сенбі күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Жалағаш кентінде «Таза аула» акциясы ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, көше тұрғындары, ерікті жастар белсенді қатысты. Акция барысында аулалар тазартылып, қоқыстар жиналды, айнала абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.