”ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

”ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кентінде көктемгі тазалық жұмыстары жалғасуда.
🔸Акция барысында көшелер мен тротуарлар, қоғамдық орындар, аяқсу арналары тазартылып, ағаштар әктелді. Сонымен қатар, орындықтар мен қоршаулар, ғимараттардың қас беттері сырланып, жол белгілері, жол сызықтары жаңартылуда.
🔸Аудан әкімі Ардақ Ибраимов тазалық жұмыстарын бақылап, жауапты басшыларға қоқысты уақытылы шығару, көшелердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді.