”АУЫЛ АМАНАТЫ” БАҒДАРДАМАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

”АУЫЛ АМАНАТЫ” БАҒДАРДАМАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Кент тұрғындарын мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кент орталығындағы 5 мектепте арнайы түсіндірме кездесулері өтті.
🔸Кездесулерге кент әкімі аппараты мен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметкерлері қатысып, бағдарлама шарттары, жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және шағын кәсіп бастау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
🔸Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, кәсіп ашуға ниетті азаматтарға кеңестер берілді.
🔸Аталған бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
📌Кәсіп бастауға ниетті азаматтарды бағдарламаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырамыз!