"АУЫЛ АМАНАТЫ"ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ "АШЫҚ ЕСІК " КҮНІ

"АУЫЛ АМАНАТЫ"ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ "АШЫҚ ЕСІК " КҮНІ
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен :Жалағаш кентіндегі «Руханият» орталығында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында аудан кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті аудан тұрғындарына жоба мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру, мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша кеңес беру мақсатында ашық есік күні өткізілді.
🔸 Аталған іс шараға кооперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері Ақжігітова Индира Сансызбаевнаның қатысып, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔸 Еске сала кетейік өңірімізде жеңілдетілген 2,5 пайызбен әр-түрлі кәсіп бастауға немесе жұмыс жасап тұрған кәсібін одан әрі дамыту бағытында «Ауыл Аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.
🔸 Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған, және қаржыландыруды «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырады.