ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ ЖАҢА ТОЙХАНА АШЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ ЖАҢА ТОЙХАНА АШЫЛДЫ
Қаңтар айының 23-ші жұлдызында Жалағаш кентінде 450 адамға арналған "SHAH HALL" тойханасының ашылу салтанаты өтті. Аталған нысан "Раяна" жеке кәсіпкерлігі тарапынан жүзеге асырылып, жобаның жалпы құны 400 млн теңгені құрайды. Тойхана 30 жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
🔸Тойхананың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатов қатысып, кәсіпкерлік нысанның елдің мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін атап өтті.
🔸 Тойхананың ашылуына жиналған жұртшылық тілегін арнап, салтанатты лента қию рәсімін жүргізді.
🔸 Заманауи үлгіде салынған тойхананың іші таза әрі жарық, әсем безендіріліп, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.