ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары мен сала мамандары Жалағаш кентіндегі сауда орындарында болып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жұмыс тобы мүшелері бағаны тұрақты ұстау мақсатында кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шекті межеден асырмау, әр тауардың бағасын нақты әрі көрнекі түрде көрсету, өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.