
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік аясындағы жұмыстарды аралап көріп, жиналған қоқыс қалдықтарды уақытылы шығару, санитарлық тазалықты жүйелі жүргізу, жасыл желектерді күтіп ұстау, аяқсуды уақытылы жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ортақ іске белсене атсалысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.