Жалағаш кентінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Рейд жұмыстарын аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімі және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жүргізді.
Тексеру барысында жастар жиі жиналатын орындар – дәмханалар, саябақтар мен ойын-сауық нысандары қамтылды.
Жасөспірімдерге құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шаралары қабылданды.