
« АДАЛ АДАМ » мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының « Жанұя шуағы » жобасы аясында 70 жасқа толған Талқанбаев Тұрсынғали және Жұмабекова Қуанышкүл ардагер отбасымен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің бас маманы Ибраев Дәурен Сәбитұлы, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер ұйымының алқа мүшесі, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбетов Қабылбек Нұрмағанбетұлы құттықтау сөз сөйлеп, Республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қорының, аудандық ардагерлер ұйымының, ауыл әкімінің алғыс хаттарын және «Еңбек ардагері» медалін табыс етті. Кеш соңы мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.