КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — кене шағуы арқылы жұғатын, жоғары өлім қаупі бар (30-40% дейін) аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру. Аурудың белгілері: қатты қызба, бас ауруы, бұлшықет ауырсынуы және қан кетулер (мұрыннан, қызыл иектен). Негізгі тасымалдаушы — иксодты кенелер, маусымы — мамыр-тамыз айлары.
 
Конго-Қырым қанды қызбасының ерекшеліктері:
  • Жұғу жолдары: Кене шаққанда, ауру малдың қанымен немесе тіндерімен байланыста болғанда, сондай-ақ науқас адамның қанымен қарым-қатынаста болғанда жұғады.
  • Белгілері: Инкубациялық кезең 1-14 күнге созылады. Дене қызуы күрт көтеріліп, бас ауруы, құсу, денеде қан құйылулар (бөртпелер) пайда болады.
  • Алдын алу шаралары:
  •  Кенеден қорғану (жабық киім кию, репелленттер қолдану), мал қораларын залалсыздандыру, ауырған малмен сақтықпен жұмыс істеу.
  • Емі: Вакцинасы жоқ, сондықтан аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда тез арада дәрігерге көріну өте маңызды.

  • Ауру ең көп таралған аймақтарға оңтүстік өңірлер (Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары) жатады.