БІРДЕЙЛЕНДІРУ
Ветеринария саласының мамандары адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алу мен жоюды, диагностикалау мен емдеуді, т.б ветеринариялық іс-шараларды атқарумен қатар жануарларды бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау, чиптеу) және дерекқор базасына енгізуді жүргізіп отырады.
БІРДЕЙЛЕНДІРУ - мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады, сондықтан өзіңіз малыңыз төлдегенде, мал сатып алғанда өтініш жазуыңыз қажет!!!
Бұл іс-шара өз кезегінде өте ауқымды және аса қажетті іс шара. Яғни, бірдейлендіріліп дерекқор базасына енгізілген жануарлар Республикалық бюджеттен қаржы бөлінетін аса қауіпті ауруларға қарсы тегін егіледі!!!
Сондықтан, ауыл шаруашылығы жануарларыңызды жергілікті жердегі ветеринар маманға барып сырғалатып, таңбалатып, чип салдырып, дерекқор базасына уақытында енгізіп отыруды ұмытпаңыздар!!!!!