Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының иелері!
Қазіргі күні, облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс басқармасы өткізген мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз мердігер мекемелер облыстағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз 111 елді мекенде көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
Осы аса қауіпті аурудың зардабын тартпас үшін сіздердің тараптарыңыздан мал қоралардағы көң-қилар уақытылы алынып, механикалық-санитариялық тазалануы қажет. Мердігер мекемелер тарапынан залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі осыған тікелей байланысты екенін еске саламыз.
Мал-жандарыңыз аман болғай!