Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!
«Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары бекітілген. Осы қағидада жануарларды асырау тәртібі толық көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету, жаю кезінде (айдап өткенде) тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері жауапты. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға қатаң тыйым салынады.
Иесіз жіберілген ауыл шаруашылығы жануарлары қаламыздың келбетіне нұқсан келтіріп, гүлзарларды бүлдіріп, тұрғындардың жүріп тұруына кедергі келтіруде.
Соның бірі Қызылорда қаласы Спмк 70 Ақтөбе көшесі 3 үйдің тұрғыны Нұрманов Әділет Әбілбекұлы есімді азамат ірі қара малын көшеге иесіз жібергені және Қызылорда облыстық маслихатының 263 шешімінде көрсетілгендей "Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасы" талаптарын бұзғаны үшін жергілікті полиция өкілдерімен әкімшілік шараға (ескерту) тартылды.
Осыған сəйкес ауыл шаруашылығы жануарларыңызды бос жібермеуге, аса жауапкершілікпен қарауға, қағида талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз! Қала ішінде иесіз жануарлар жүрген болса мына телефонға хабарласуларыңызды сұраймыз.
87714228180, 87072828876, 87073415662