Бүгін облыстық ветеринария басқармасының басшысы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы және ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бүгін облыстық ветеринария басқармасының басшысы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы және ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бүгін облыстық ветеринария басқармасының басшысы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы және ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Үстіміздегі жылы республика бойынша аса қауіпті жұқпалы 20 ауру түрі бойынша 299 елді мекен қолайсыз ошақ болып тіркелгендігін, оның ішінде өңірімізде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей эпизоотиялық ахуал тұрақты сақталып отырғандығын атап өтті.
Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 5955,8 мың доза ветеринариялық препараттың облысқа толық жеткізілді. Алдын ала егу жұмыстары 5031,0 мың басқа жүргізіліп, 10 айлық жоспар 100% орындалды.
Сонымен қатар, жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылы бекітілген жоспарға сәйкес 1318,4 мың бас (470,3 мың бас МІҚ, 848,1 мың бас уақ мал) ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған қан құрамы тексерілді. Нәтижесінде 99 бас бруцеллез ауруы болып анықталып осы малдар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылғандығын жеткізді.
Облыстық бюджеттен 248,3 млн. теңге бөлініп, энзоотиялық ауруларға қажетті 667,5 мың доза ветеринариялық препараттар сатып алынды. Алдын ала егу жұмыстары 637,5 мың басқа жүргізіліп, 10 айлық жоспар 100% орындалғанын және бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне енгізілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін (1 ақпан мен 31 мамыр) ашылған «Жасыл дәліз–3» арқылы облыс бойынша 70,5 мың бас (26,3 мың бас МІҚ, 19,8 мың бас уақ мал, 2,3 мың бас түйе, 22,0 мың бас жылқы, 0,1 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілгені бойынша хабардар етті.
Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына ақпараттық жүйеде 1575,3 мың бас (421,7 мың бас МІҚ, 869,2 мың бас уақ мал, 221,6 мың бас жылқы, 62,8 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелгендігін хабарлап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда төрт түлік мал басы 6,0% (МІҚ 7,6%, уақ мал 3,3%, жылқы 17,5%, түйе 7,7%) көтерілгенін баяндады.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2021 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылды. Заң күшіне енгенше (наурызға дейін) Қызылорда қаласында 1300 бас қаңғыбас иттер ауланып жойылды. Сонымен қатар, облыс бойынша тұрғындардың өтініштері негізінде адам денсаулығына қауіп төндірген және агрессивті
иттер аулануда.
Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 12 қазандағы 20 сессиясында «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру», «Үй жануарларын ұстау және серуендету» қағидалары бекітілді.
Сонымен қатар, иесі бар иттер мен мысықтарға құтыру және эхинококкоз ауруларына қарсы жылда тұрақты алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың 10 айында 29,6 мың бас ит, 5,5 мың бас мысық егілді.
Басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев келіп түскен хабарламаларға тұрақты түрде жауаптар ұсынылып, арнайы Call орталығы жұмыс жасап жатқандығын және бұл мәселе күнделікті бақылауда екендігін атап өтті.
Қазіргі күні, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.