Қызылорда облысының ветеринария басқармасы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мақсатында жүргізілген  талдамалық жұмыстарды талқылау мақсатында тиісті сала және департамент өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілді.

Жиынға Қалалық және барлық аудандық ветеринариялық станциялардың басшылары мен эпизоотолог дәрігерлері, ветпункт меңгерушілері ZOOM қосымшасы арқылы қашықтықтан қатыстырылды. Күн тәртібіне сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мақсатында жүргізілген  талдамалық жұмыстар талқыланып, қосымша түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ, ішкі талдау жүргізілген ауылшаруашылығы жаунарларын бірдейлендіру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы тәртібі және оны заңдылыққа сәйкес жүзеге асыру бойынша да тапсырмалар жүктелді. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бап, 5-тармағы бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттк сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдауды жүзеге асырады. Осы ретте басқарманың бірдейлендіру бөлімі және Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары бойынша жүргізілген ішкі талдау жұмыстары талқыланып, ветеринариялық ұйымдарда «ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі көрсетілетіні және аталған қызметті азаматтар қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға құқылы екендігі айтылды. Дегенмен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті адамдардың тікелей ветеринария саласындағы ұйымдарға келіп алуы қызмет алушыға қызмет көрсетуші тарапынан артық әкімшілік кедергілер жасау тәуекелдері болуы ықтимал. Талдаулар бойынша қызмет алушылардың бұл бағыттағы қызметті қағаз түрінде алуы көбейіп отыр. Сол себепті, қызмет беруші мен алушы арасында тікелей байланыстың болмауы үшін және кез-келген сыбайлас тәуекелдерін азайту мақсатында заңнамалық ережелерде нақты тәртіптер бекітілуі тиіс деп тұжырымдалды.