Қала тұрғындарының назарына!

Қала тұрғындарының назарына!
Қала тұрғындарының назарына!
2021 жылдың 30 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (№98-VII ҚРЗ) заңына қол қойылды. Оның ішінде «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
10 шілдедегі ҚР заңынада өзгерістер енгізілді.
Яғни, «қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» деген сөздер «жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру» сөздерімен ауыстырылды. Сол себепті қазіргі кезде облыста қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары тоқтатылды.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР заңына сәйкес алдағы уақытта аулау қызметі облыстың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасында ұйымдастырылатын болады.
Осы бағытта заң әзірлеуші ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі тарапынан «жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» үлгілік қағидалары әзірленуде.