Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы қалалық ветеринариялық станцияда болып, ветеринария саласына қатысты нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, кәсіпорын басшылары, жауапты мамандар және ветеринариялық пункт меңгерушілерінің катысуымен кеңейтілген жиналыс өткізді. Ветеринария саласына байланысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс барысында басқарма басшысы ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және мемлекеттік қызметтер көрсетудің регламенттері мен стандарттарын сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын жоспарлы вакцинациялау мен дерекқордағы және статистикалық мәліметтегі айырмашылықтарды сәйкестендіруге байланысты алдағы міндеттерді айта келе, осы шаралардың уакытылы және сапалы орындалуына байланысты тиісті тапсырмалар берді.