Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Апетов Ерсұлтан Амантайұлы 2021 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді

Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Апетов Ерсұлтан Амантайұлы 2021 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді

Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Апетов Ерсұлтан Амантайұлы 2021 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді.

Брифинг барысында үстіміздегі жылы, облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6311,2 мың доза ветеринариялық препараттар қаралған. (2020 жылы республиканың бірнеше облыстарында тіркелген жоғары патогенді құс тұмауы ауруының алдын-алуға қажетті ветеринариялық препараттарда бөлініп отыр). Қазіргі күні, облысқа 3979,8 мың доза (63,1%) жеткізіліп, бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

Бруцеллез ауруына қарсы 125,5 мың бас МІҚ, 77,4 мың бас уақ мал диагностикалық тексеріліп, 9 бас МІҚ, 20 бас уақ мал оң нәтиже көрсетті. Ауру малдар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, уақытылы сойылды (Қазалы – 13 бас уақ мал, Жалағаш - 1 бас уақ мал, Сырдария - 6 бас уақ мал, 3 бас МІҚ, Шиелі - 5 бас МІҚ, Қызылорда - 1 бас МІҚ ).

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті құлақ жапсырмалары толық жеткізілді. Бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, қазіргі күні, дерекқор жүйесінде 362,9 мың бас МІҚ, 723,4 мың бас уақ мал, 170,1 мың бас жылқы, 51,9 мың бас түйе, 1,4 мың бас шошқа, 832 бас тақтұяқтылар тіркелген.

2021 жылдың 3 айында «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша 12844 дана (1-үлгі 10084, 2-үлгі 2759, 3-үлгі 1) ветеринариялық анықтамалар беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Әртүрлі жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында қазіргі күні 6714 бас қаңғыбас ит пен жабайы мысықтар ауланып жойылды.

Басқарма тарапынан типтік жобадағы мал қорымдарын салдыру мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, қазіргі күні 90 типтік жобадағы мал қорымдары пайдаланылуда.

2021 жылы, 7 типтік жобадағы (Арал 5, Қазалы 1, Жаңақорған 1) мал қорымының құрылысын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына

4 ветеринариялық пункттердің жоба сметалық құжаттарын әзірлеу мақсатында алдын ала зерделеу бойынша құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, аталған Заңның 13 бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу, яғни ақылы қызмет көрсету ветеринариялық ұйымдардың құзіретіне берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда, 1711,0 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.

Қазіргі күні, облыс көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты. Ветеринар мамандардың күнделікті қатаң бақылауында.