Адам мен жануарларға ортақ зооантропонозды ауру бруцеллездің алдын алу!!!

Адам мен жануарларға ортақ зооантропонозды ауру бруцеллездің алдын алу!!!

Адам мен жануарларға ортақ зооантропонозды ауру бруцеллездің алдын алу!!!

Ветеринария саласында ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезге тексеріп, анықтау іс-шаралары үнемі жүргізіледі.

Атап айтар болсақ, осы жылы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 5 бас мүйізді ірі қара, 2 бас уақ мал анықталды және ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес санитариялық сойылып, қайта өңдеу кәсіпорнына жіберілді.

Бруцеллезге шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінен алынып, өтемақы беріледі. Заңдылықтарға сәйкес 30% жергілікті бюджеттен, 70% қайта өңдеу кәсіпорындар арқылы төленеді.

Бруцеллез  -  адам мен жануарларға ортақ қауіпті ауру. Көбінесе адамдарға ауру малдардан жұғады. Сондықтан ауырып тұрған жануарларды оқшаулап,  ветеринариялық мамандарға жүгінулеріңіз қажет.

Өзіңіздің, балаларыңыз бен тума туыстарыңыздың, таныстарыңыздың денсаулығы өз қолыңызда!!!