Құтырық (Бешенство) ауруы.

Құтырық (Бешенство) ауруы.

Құтырық (Бешенство) ауруы.

Жануарларды уақытылы бірдейлендіріп, дерекқор жүйесіне енгізіп отыру қажет, тіркелген жануарларға аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар тегін жүргізіледі. Мысалы, ауыл шаруашылығы жануарлары Құтырық ауруына күдік туғызған жағдайда иелері міндетті түрде жергілікті жердегі ветеринариялық пункт мамандарына хабарласулары қажет. Құтырық ауруы. Құтырық - орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. Індеттің ерекшеліктері. Құтырықпен барлық жануарлар мен жабайы жануарлар ауырады. Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы-түлкі, ал үй жануарларының ішінде ең жиі шалдығатыны-сиыр. Дерттенуі. Вирус денеге енген соң жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Балау. Зертханаға жануардың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Диагноз қою үшін нейрондардың цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктерін табудың маңызы зор. Құтырықты Ауески ауруынан ажырату керек. Емі. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.