Құстың тұмауы ауруы.

Құстың тұмауы ауруы.

Құстың тұмауы ауруы.

Құстың тұмауы-септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы-сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады. Індеттің ерекшеліктері. Құстың тұмауы эпизоотия және энзоотия түрінде байқалады. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы беріледі. Ауру қоздырушысының негізгі бастауы-ауырған және ауырып жазылған құстар. Вирус денеден барлық секреттер мен экскреттер арқылы және жұмыртқамен бөлінеді. Дерттенуі. Вирус тыныс жолдарына енген соң жылдам көбейіп, қанға өтеді де, эритроциттерге жабысып бүкіл денеге тарайды. Вирус көбейген кезде зиянды заттар пайда болып, құс организмі уланып, өлімге әкеп соғады. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-5 күн, ауру басталғанда құс күйзеліп, тұмсығынан серозды-катарлы, кейіннен серозды ірің ағады. Кей жағдайда көздің қабақтары экссудатпен жабысып, кілегейлі қабықтары қабынып, құстың басы ісінеді.

Патологоанатомиялық өзгерістер аурудың ұзақтылығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Диареяның симптомы байқалады. Саңғырығы сұйылып, түсі қоңыр-жасыл болады. Екінің бірінде ринит, фарингит және конъюнктивит, одан да жиірек ішек-қарында қанталаулар байқалады.

Балау. Қорытынды диагноз қою үшін ауру жіті өткен кезде өлген құстың өкпесі, бауыры, миы, т.б. алынған патматериалды зертханаға жібереді. Тауықтан серологиялық тексеру үшін қанды екі мәрте қосарлап, аурудың әртүрлі кезеңінде алады. Тұмауға шалдыққан құсты індеттің жайылып кету қаупінен сақтанып, тез жойып, өртеп жібереді.