Жұғымтал эктима (Қара сүйел) ауруы.

Жұғымтал эктима (Қара сүйел) ауруы.

Жұғымтал эктима (Қара сүйел) ауруы.

Жануарларды уақытылы бірдейлендіріп, дерекқор жүйесіне енгізіп отыру қажет, тіркелген жануарларға аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар тегін жүргізіледі. Мысалы, ауыл шаруашылығы жануарлары Эктима ауруына күдік туғызған жағдайда иелері міндетті түрде жергілікті жердегі ветеринариялық пункт мамандарына хабарласулары қажет. Эктима ауруы. Ауыздың кілегейлі қабықтары, ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып, қабыршақтануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал ауру.

Індеттің ерекшеліктері. Жұғымтал эктимамен қой мен ешкі, түйе ауырады. Қозылар мен лақтар 4 күндігінен 10 айға дейінгі аралықта жиі ауырады. Ауру қоздырушысының бастауы-денесінде вирус өсіп-өнетін ауырған жануарлар. Сыртқы ортаға вирус сыдырылып түскен қабыршақтармен, ауыздан аққан сілекеймен бөлінеді. Дерттенуі. Денеге түскен вирус сирақ терісінде, ауыздың, еріннің, жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарының эпителийінде өсіп-өнеді. Патологоанатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып көргенде ауруға тән белгілер тұмсығында, еріндерінде, иегінде, тілі мен маңдайында, тұяқтың ашасы мен көбесінде, жіліншікте кездеседі. Ішек пен қарынның кілегейлі қабықтары да қолдырап ойылады. Балау. Індеттанулық деректерді, клиникалық және патологиялық-анатомиялық белгілерін ескеріп, зертханалық тексеру жүргізеді.

Емі. Аурудың өзіне тән емі жоқ. Ауыз уылғанда кілегейлі қабығына күн сайын глицерин мен йодтың 5% тұнбасын жағады және зақымданған теріге синтомицин эмульсиясын немесе аталған ерітінділерді жағады. Ауырған қой мен қозыда 2 апта өткенде иммунитет қалыптасып, 1-1,5 жылға дейін сақталады. Иммунитет қалыптастыру үшін вакциналар қолданылады.