Ветеринария саласы бойынша2020 жылғы атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша2020 жылғы атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша2020 жылғы атқарылған жұмыстар

Өткен жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2020 жылы аса қауіпті 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы республикалық бюджет есебінен бөлінген 5641,1 мың доза ветеринариялық препараттар уақытылы толық тасымалданып жеткізілді. Эпизоотиялық іс-шараларды орындауға 984,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жергілікті бюджет есебінен 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті ветеринариялық препараттар сатып алынды, бекітілген жоспарға сәйкес, алдын ала вакцина егу және диагностикалық зерттеу іс-шаралары жүргізіліп, бөлінген қаржы толық игерілді. Бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 27 бас МІҚ, 64 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес, уақытылы санитарлық сойылды. Жүргізілген алдын ала егу, диагностикалық тексеру жұмыстары компьютерлік дерек қор базасына енгізілді. 2020 жылы 70,8 мың бас МІҚ, 284,8 мың бас уақ мал, 38,4 мың бас жылқы, 9,1 мың бас түйе, 1,7 мың бас шошқа, 93 бас тақтұяқтылар бірдейлендіріліп, дерекқор жүйесіне енгізілді. Қазіргі күні дерекқор жүйесінде 337,1 мың бас МІҚ, 685,1 мың бас уақ мал, 160,3 мың бас жылқы, 51,5 мың бас түйе, 1,6 мың бас шошқа, 836 бас тақтұяқтылар тіркелген. 2020 жылға қажетті 96,9 мың бас МІҚ, 236,8 мың бас уақ мал, 9,3 мың бас түйе, 1,1 мың бас шошқаның құлақ жапсырмаларына тапсырыс беріліп, толық жеткізілді. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға 1 лицензия рәсімделіп, «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша барлығы 48957 дана (1-үлгі 35615, 2-үлгі 13219, 3-үлгі 123) ветеринариялық анықтамалар берілді. Мемлекеттік қызмет (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт) көрсету кезінде ешқандай заң бұзушылықтар, жеке және заңды тұлғалардан бас тарту себебтері анықталған жоқ. Әртүрлі жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою тұрақты жүргізіліп келеді. 2020 жылы, 21623 бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.Басқарма тарапынан типтік жобадағы мал қорымдарын салдыру мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс әкімінің іс-қимыл жоспарында көзделген 7 типтік жобадағы мал қорымының (Арал 5, Жалағаш 2) құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі күні, 90 типтік жобадағы мал қорымдары пайдаланылуда. 2020 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз 117 елді мекенде көктемгі және күзгі дезинсекция жұмыстары толық жүргізілді. 2021 жылдың эпидемиологиялық маусымдарына қолайсыз болып анықталған 113 елді мекенде тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлары және қора, суат пен шаңлақтардың залалсыздандыру жұмыстарына жұмсалатын "Дизицип" препаратының жобалық есебі нақтыланып, басқарма тарапынан облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына ұсынылды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыста аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.