Ветеринариялық қауіпсіздік – адам денсаулығы!

Ветеринариялық қауіпсіздік – адам денсаулығы!

Ветеринариялық қауіпсіздік – адам денсаулығы!
Қазақ халқының «Ауру астан» деген сөзі бекер айтылмаған. Денің сау болып, ауру-сырқаудан сақтану үшін жануарлардың және жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінің ветеринариялық ілеспе құжаттармен тасымалдануына баса назар аудару қажет.
Ветеринария саласының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алу, оларды емдеу, жануарлар өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау арқылы адамзатты адам мен жануарларға ортақ зооантропонозды аурулардан сақтау.
Сондықтан ветеринария мамандарының қызметіне жүгініп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдалануды ұсынамыз!!!
Ветеринария басқармасымен және басқармаға қарасты ветеринариялық ұйымдармен «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру», «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.