Түйенің обасы (Чума) ауруы.

Түйенің обасы (Чума) ауруы.

Түйенің обасы (Чума) ауруы.

Жануарларды уақытылы бірдейлендіріп, дерекқор жүйесіне енгізіп отыру қажет, тіркелген жануарларға аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар тегін жүргізіледі.
Мысалы, Түйенің обасы ауруына күдік туғызған жағдайда иелері міндетті түрде жергілікті жердегі ветеринариялық пункт мамандарына хабарласулары қажет.
Түйенің обасы ауруы. Өлі тиіп, дененің ыстығы көтеріліп, жаппай қанталаумен, өліеттенген лимфаденит және өкпенің қабынуымен ерекшеленетін, адам үшін өте қауіпті жұқпалы ауру.
Індеттің ерекшеліктері. Адамның, түйенің және кемірушілердің оба ауруының қоздырушысы ортақ бір микроб. Аурудың табиғаттағы ошағын кемірушілер мен олардың эктопаразиті-бүрге қалыптастырады. Обамен негізінен кемірушілер ауырады да, бұл жануарлар қоздырушысының табиғаттағы басты резервуары болып табылады. Кемірушілерге микроб бүрге шаққанда беріледі. Бұл ауру түйеге денесінде қоздырушы бар бүрге мен кене шаққанда немесе обамен ауырған кемірушілердің бөлінділерімен ластанған шөпті жегенде жұғады.
Ауырған түйе қоздырушыны мұрыннан аққан сорамен, сүтпен, несеппен, тастанды төлмен, жарақаттанғанда қанмен бөліп шығарады. Адамға оба ауырған малды сойған кезде, еті мен сүтін тағамға пайдаланғанда жұғады. Оба адамда кенеттен байқалады. Оның денесі қалтырап, ыстығы көтеріліп, басы айналады. Беті ағарып, бозғылттанып, көкшіл рең пайда болады.
Емі. Обамен ауырған малды емдемейді, тек жояды.
Иммунитет. Иммунитет қалыптастыру үшін вакцина қолданылады.