Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық анықтама беру!
Ауыл шаруашылығы жануарларын және олардан алынатын тағам өнімдері мен шикізаттарды тасымалдау үшін міндетті түрде ветеринариялық ілеспе құжат (ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) рәсімделуі қажет. ветеринариялық ілеспе құжаттар беру -мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қатарына жатады. сондықтан жануар немесе жануардан алынған өнім егесінің өтінішіне сәйкес межелі орынға дейін беріледі.
Қызылорда қалалық және аудандардағы, ауылдық округтердегі ветеринариялық ұйымдармен 2025 жылдың 6 айында барлығы 24627 ветеринариялық анықтама берілді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" арқылы рәсімделді.