Бруцеллез ауруын жою бойынша симуляциялық жаттығу өткізілді!
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы Келісімді жүзеге асыру мақсатында 2025 жылға арналған симуляциялық жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес, Қызылорда облысында бруцеллез ауруын жою бойынша симуляциялық жаттығу ұйымдастырылып өткізілді.
Симуляциялық тренингке аудандар мен қала бойынша 53 ветеринар мамандар қатысты.
Симуляциялық жаттығуға облыстық ветеринария басқармасы, облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясы, облыстық ветеринариялық зертхана, эпизоотияға қарсы отряд, қалалық, аудандық ветеринариялық станциялардың басшылары мен мамандары келді. Басқарма басшысы ашылу салтанатында сөз сөйлеп, мамандарға сәттілік тіледі.
Қатысушылар жаттығу кезінде: ауру ошағында үлгі алу, оны жеткізу, хабарлама ұсыну, ауру жануарды оқшаулау, ауру ошағын жою шараларын жүргізу, көрсетілді.
Жаттығу қорытындысымен ветеринариялық қызметтің ұсынымдарына сәйкес бруцеллез ауруы пайда болған жағдайда жедел әрекет жасау жөніндегі жұмысқа дайындығы расталды.