ЖОЛ САЛАСЫ ТУРАЛЫ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ЖОЛ САЛАСЫ ТУРАЛЫ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ЖОЛ САЛАСЫ ТУРАЛЫ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықовтың төрағалығымен және облысымызға арнайы келген Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандарының қатысуымен қала, аудан әкімдіктерінің жол салсына жауапты мамандарына ведомостволық сараптама жұмыстары мен материалдардың сапасын қамтамасыз ету, диагностика және паспорттау мәселелері туралы оқу-семинары жүргізілді.

Оқу-семинарында аймақта жүзеге асырылатын жобаларды мерзімді орындау үшін ведомостволық сараптама қарауына енгізу кезінде белігленген ережеге сәйкес қажетті құжаттардың дәйектілігі мен дұрыстығына көз жеткізіу және жоба әзірлеу барысында жолдардың өз санатына қойылатын талаптар мен стандарттардың сақталуы түсіндірілді.

Айта кетейік өткен жылы аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44,7 млрд. теңге бөлініп, 300 шақырымнан аса жол жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 % асты. Биылғы жылы да жол құрылысына ауқымды қаражат бөлініп жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 % жеткізу жоспарлануда.